Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Жалдамалы пәтердің 50 пайызын мемлекет төлейді: өтініш берушіге қандай талаптар қойылады?

Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлеуі үшін өтініш берушіге қандай талаптар қойылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

  • Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, шамамен 70 мың адамға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен 50 миллиард теңге қажет. Кезекте тұрған адам санына байланысты бұл қаражат көлемі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін. 

«Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар: біріншіден, ҚР азаматтығы. Екіншіден, отбасының кейінгі алты айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1 еселенген шамасынан аспауы. Үшіншіден, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікке кезекте тұрғанын растауы«, – деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, тұрғын үй иесі мен өтініш беруші арасында шарт жасалуы керек. 

Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуметтік осал топтарға жалға алып отырған тұрғын үйінің 50 пайызын үкімет төлейтіндей көмек тетігін әзірлеген болатын. Яғни жалға алу құнының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жалға алушы төлейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...