Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
13.2 C
Almaty
18.4 C
Shymkent

Қазақстанның бірқатар өңірінде газ арзандады

Танымал

Ел аузында

Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) бағаларды сараптау нәтижесінде Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде газ бағасын төмендетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті барлық газдандырылған өңірдегі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін газ бағасына сараптама жүргізуге бастама жасағанын хабарлады. 2021 жылғы қыркүйектің аяғында тарифтік органның сұрауы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сараптамаға қажетті құжаттарды тапсырған.

ТМРК баға сараптамасының қорытындысы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың жеткізу үстемеақысын еліміздің барлық газдандырылған өңірінде 15 пайыздан (Шығыс Қазақстан облысы) 50,63 пайызға (Атырау облысы) төмендеткен.

Комитет мәліметінше, тұтынушылар үшін газдың бағасы 70-80 пайызға Энергетика министрлігі бекітетін көтерме бағаға байланысты, ал табиғи газ бағасының қалған бөлігі тасымалдау қызметтері мен ТМРК реттейтін газды өткізу шығындарынан тұрады.

Жабдықтау үстемесін төмендету жұмыстары нәтижесінде комитет тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті шекті бағаларын 0,34-тен 38,96 пайызға дейін төмендеткен.

Төмендетілген бағалар 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...