Алматы қаласының әкімдігі елімізде әкімдерді сайлауды енгізу бойынша өтетін митингті өткізуге рұқсат берді. Бұл жөнінде қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық жиын 5 ақпан күні сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында өтеді. Белсенділер Алматы қаласының әкімін халықтың өзі сайлау қажеттігін айтады.
2 ақпанда қала әкімдігі қаңтардағы тәртіпсіздік құрбандарын еске алу шарасын өткізуге тыйым салған болатын. Қала әкімдігінің жауабын белсенді Марат Тұрымбетов те жариялаған.
31 қаңтар күні Бақытжан Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін оның орнына Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ерболат Досаев келген. Досаев әкім болып келмей жатып, алматылықтар қаланың жаңа басшысына қарсы петиция ұйымдастырған.