Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар қандай меморгандар үстінен сотқа жиі шағымданған?

Танымал

Ел аузында

2021 жылы қазақстандықтар қандай мемлекеттік органдар үстінен сотқа жиі шағымданғаны белгілі болды. Бұл туралы Жоғарғы Сот мәліметінде көрсетілген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде Жоғарғы Сот Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әкімшілік істер бойынша деректерін жолдады. Онда 2021 жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік органдарға келіп түскен ең көп талап-арыздар саны көрсетілген.

Шағымдар саны бойынша бірінші орында әкімдер мен әкім аппараттары тұр. 2021 жылдың екінші жартыжылдығында оларға 3 025 шағым түсіп, оның 829-ы қаралған, 517-сінде талап-арыз қанағаттандырылған, ал 317 іс бойынша талап-арыз қанағаттандырылмаған.

Екінші орында – Әділет министрлігі. Ведомствоға 2 689 арыз-шағым түсіп, оның 656-сы қаралған, 288-і қанағаттандырылған, 368-і тоқтатылған.

Үшінші – Қаржы министрлігі. Мемлекеттік органға 2 423 арыз түскен, 971 арыз қаралып, 428 арыз қанағаттандырылды, 543 арыз қанағаттандырудан бас тартылған.

Ішкі істер министрлігіне 546 арыз-шағым түскен. Қаралғаны – 91, қанағаттандырылғаны – 47, тоқтатылғаны – 44.

Денсаулық сақтау министрлігіне 312 шағым түскен, оның қаралғаны – 62, қанағаттандырылғаны – 21, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылғаны – 41.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 237 арыз-шағым түсіп, 80-і қаралып, 27-сі қанағаттандырылды, 53-і қанағаттандырудан бас тартылған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 205 шағым түсіп, 48-і қаралды, 28-і қанағаттандырылды, 20-сы қанағаттандырудан бас тартылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне 158 рет талап арыз беріліп, қаралғаны – 39, қанағаттандырылғаны – 22, тоқтатылғаны – 17.

Білім және ғылым министрлігіне 147 шағым түсіп, оның 22-сі қаралып, 9-ы қанағаттандырылды, 13-ін қанағаттандырудан бас тартқан.

Бас прокуратура үстінен 114 арыз түсіп, оның 12-сі ғана қаралып, 1-і қанағаттандырылды, 11-і тоқтатылған.

Қазақстан азаматтары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 109 рет шағымданған. Оның 32-сі қаралып, 19-ы қанағаттандырылды, 13-і қанағаттандырудан бас тартылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...