Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қарин Алматыға басып кірген 20 мың террористің кім екенін айтты

Танымал

Ел аузында

Радикалды тұлғалар арнайы видеоүндеулер дайындап, елдегі өздерінің жақтаушыларына таратпақ болды. Сол кезде интернет бұғатталды.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қаңтар оқиғасына қатысты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

Мемлекеттік хатшы сұхбатында Алматыға шабуыл жасаған 20 мың террорист туралы көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді. Эфирге «Жаңа Қазақстан» атауымен шығатын арнайы сұхбатта әкімдікті, әуежайды басып алса да, өз талаптарын айтпаған қарулы топтар мен қаза тапқандардың мүрдесін ұрлап кеткендер және тергеу изоляторларында азапталған азаматтардың ісін қарастырып жатқан комиссия жұмысы туралы айтылды.


Алматыға шабуылдады деген 20 мың террористер кімдер?

– Бұл жерде мына нәрсені ашып айту керек. Біз әдетте террорист дегенде белгілі бір образдағы адам елестейді. Қару асынған, әскери киім киінген адам деп талдайды. Соңғы болған оқиғаларда да стереотиптер тұрғысынан қабылдап, қалай елімізге осынша террористер кіріп кетті деді. Терроризм тақырыбын талдағанда идеологиялық себептерін іздеп, әуестеніп жатамыз. Терроризм – идеология емес, бұл іс-әрекет. Соңғы болған оқиғаларда әкімшілік ғимараттарды басып алу, әлеуметтік нысандарды басып алу, әскерилерге қарулы шабуыл, ақпараттық нысандарға шабуыл террористтік акт ұғымын білдіреді. Шетелде басқа да анықтамалар қолданылады., – деді мемлекеттік хатшы.

Ерлан Қарин Қаңтар оқиғасында ақпарат құралдарына таратылмаған оқиға туралы да айтты.

– Ақпарат құралдары да білмейтін бір оқиға бар. Осы жағдай болған кезде сыртта ірі халықаралық тәуелсіз топтардағы қазақстандық радикалды тұлғалар арнайы видеоүндеулер дайындап, елдегі өздерінің жақтаушыларына таратпақ болды. сол кезде интернет бұғатталды. Сол видеоүндеулер тараған болса, радикалды топтар жоспарланған әрекетке көшетін еді, – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...