Ақмола облысының түнде батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.
«Қазгидромет» 7 ақпанда Іле Алатауы, Жетісу Алатауы аумағында тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлады.
Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Талас Алатауы: қар, кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Тарбағатай: күндіз кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыс желі, кей жерлерде 15-20 м/с.
7 ақпанда Ақмола облысының түнде батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматыда 7 ақпанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
7 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 17-22 м/с.
Талдықорғанда 7 ақпанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысының тауларында 7 ақпанда түнде және таңертең нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдығы секундына күші 15-20 метрге жетеді, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с болады.
Шымкентте 7 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістанда 7 ақпанда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
7 ақпанда Қарағанды облысының түнде батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағандыда 7 ақпан күні күндіз жаяу бұрқасын соғады. Жезқазғанда 7 ақпанда түнде жаяу бұрқасын соғады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда осы күні көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында және орталығында екпіні 17 м/с.
Ақтөбеде 7 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 7 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 17-22 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында 7 ақпанда көктайғақ болып, солтүстігінде тұман түседі. Оралда 7 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде 7 ақпанда түнде шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.
7 ақпанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.
Қызылордада 7 ақпанда кей уақытта тұман түседі. Қостанай облысының оңтүстігінде және батысында 7 ақпанда жаяу бұрқасын соғады. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде және батысында 15-20 м/с.