Жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамаған әкімге айыппұл салынды

Танымал

Ел аузында

Успен ауылдық округінің әкімі жолдарды тиісті деңгейде күтіп  ұстамағаны  үшін жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 4-7 ақпан аралығында Успен ауданының полиция бөлімінің полицейлері «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізгенін хабарлады.

«Полицейлер жол жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен оларды өткізбеген жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайын  да  назарға алады.  Мысалы,  4 ақпан күні Успенка ауылында тексеру кезінде орталық көшедегі «жолақ» қар мен мұздан тазартылмағаны анықталды. Сондықтан аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабын бұзғаны үшін (жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамау)  Успен ауылдық округінің әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сәйкесінше оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ лауазымды тұлғаға кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілд», – дейді   Успен ауданының әкімшілік полиция бастығы Александр Семенченко.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...