Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.

Танымал

Ел аузында

Арман Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады, — делінген хабарламада.

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады.

Әр жылдары Ақмола облысы бойынша салық комитетінде, мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР премьер-министрінің кеңсесінде, ҚР президентінің әкімшілігінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы, 2019 жылы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі, 2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...