Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Бұл менің атақ-абыройыма сын келтіреді»: Тасмағамбетов маңызды мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде өзі туралы аранданушы ақпарат пен жалған мәліметтердің толып жүргенін айтты.

Алматы мен Астананың бұрынғы әкімі, 65 жастағы зейнеткер Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желіде өзі туралы аранданушы ақпарат пен жалған мәліметтердің толып жүргенін айтты, деп хабарлайды bugin.kz.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде Тасмағамбетовтың атынан ашылған жалған аккаунттар бар көрінеді. Мәселен, Stopfake.kz-тің ақпаратына сенсек, Facebook пен Instagram-да Тасмағамбетовтің атынан tasmagambetov_official және imaangali_tasmagambetov сынды жалған аккаунттар бар.

Instagram-да ашылған алғашқы аккаунтқа 45 мың адам, Facebook-та ашылған екінші аккаунтқа тағы мыңдаған адам жазылған екен.

Алайда экс-әкімнің айтуынша, өзі мүлде әлеуметтік желіде отырған адам емес. Ешқашан әлеуметтік желіде парақша ашып көрмеген.

Сондықтан әлеуметтік желіде Тасмағамбетовтің атынан ашылған парақшалардың бірде-біріне сенбеуге шақырды.

«Бұл менің атақ-абыройыма сын келтіреді әрі қазақстан азаматтарына қауіп төндіреді», – деді ол.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов – ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Астана мен Алматы, Атырау облысы әкімі, ҚР Қорғаныс министрі, Президент әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы, Премьер-министрдің орынбасары, Ресейдегі Қазақстан елшісі болған тұлға. 2019 жылы елшілік қызметінен босап, қазір зейнетте. 2021 жылы 4 маусымнан бастап Ресейдің «Камаз» ПАО автомобиль корпорациясы директорлар кеңесінің мүшесі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...