Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.6 C
Nur-Sultan
22.1 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Алматы әуежайында жанкүйерлері Шавкат Рахмоновты қарсы алды

8 ақпанға қараған түні қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Алматы әуежайына қонды.

Танымал

Ел аузында

Спортшыны UFC-дегі үшінші жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әужайда Рахмоновты жанкүйерлері қошеметпен қарсы алған. 

6 ақпанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 47 турнирінің негізгі кардында өнер көрсеткен отандасымыз әуежайдан шыға салысымен журналистер сауалына жауа берген.

«Қолдауларыңызға көп рахмет! Мені күтіп алуға келген барша жанкүйерге алғыс айтамын. Өз еліме аман-есен жеткеніме қуаныштымын. Әсіресе DAR Team командасына ерекше алғыс. Сонымен қатар, бапкерлер мен барша қазақстандыққа алғыс айтамын. Қарсыласыма келер болсам, тыңғылықты дайындалдым. Дайындық кезінде оның мықты екенін ескердім. Алдағы уақытта тағы да екі жекпе-жек өткізіп, ең үздік он спортшы қатарынан кіргім келеді. Әзірге демаламын», – деді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов АҚШ жеріндегі айқасында гайаналық 34 жастағы Карлстон Харристі бірінші раундтың соңына қарай техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ол UFC-дегі үш жекпе-жегінде де жеңіске жеткен. Сондай-ақ, файтер кәсіби ММА мансабындағы барлық 15 жеңісін мерзімінен бұрын жеңіп алған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

                  Ұлттық құндылықтарды дәріптеу маңызды

                  ҚазҰАЗУ-нің аға оқытушысы  Сембаев Р.М.     ҚазҰАЗУ-нің аға оқытушысы Мәлікқызы М.            Дамыған мемлекеттерде руханият бірінші орында тұрады. Ол-барлық адамға азық екені анық. Рухани...