Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып жатыр – Тоқаев

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев халықтың кірісін арттыру қажеттігін мәлімдеді.

«Табыс – халықтың әл-ауқатын арттырып, ертеңгі күнге сенімін нығайтатын басты фактор. Өкінішке орай, соңғы уақытта экономиканың жақсаруынан емес, әлеуметтік аударымдардың есебінен күн көріп жатқандар аз емес. Бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға төмендесе, әлеуметтік аударымдар 17 пайыздан 29 пайызға дейін өсті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, халықтың кірісі алатын жалақыға емес, бюджеттің жұмсалуына байланысты.

«Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып жатыр. Бүгінде бір миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, Үкімет орташа жалақының өсіп жатқанын хабарлады, бұл қиял», – деп қосты Тоқаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...