Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.3 C
Nur-Sultan
22.7 C
Almaty
27.6 C
Shymkent

Qazaq kuresi қауымдастығы Кәрім Мәсімовтің орнына жаңа басшыны сайлады

Танымал

Ел аузында

Qazaq kuresi ұлттық күрес қауымдастығының құрылтайшылары қауымдастықтың жаңа президентін сайлады. Жаңа басшы мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қауымдастықтың Instagram парақшасында жазылды.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Серікқанұлы Ерғалиев еркін күрестен спорт шебері. «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

Қауымдастық 2020 жылдың қаңтарында Республикалық қазақ күресі федерациясы, Қазақ күресі халықаралық федерациясы және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірігуі нәтижесінде құрылған. Бірлестікті сол кездегі ҰҚК төрағасы қазіргі уақытта қамауға алынған Кәрім Мәсімов басқарған. 

Qazaq kuresi қауымдастығының мақсаты – ұлттық спорт түрін республикалық және халықаралық аренада дамытып, Олимпиада бағдарламасына енгізу.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...