Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры ұсталды

Танымал

Ел аузында

Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры ұсталды. Оспанбек Әлсейітовке сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айып тағылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Бірақ жақындары оған жазықсыз жала жабылғанына сенімді. Әлсейітовтің ұлы тергеушілердің қолында әкесінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін, оған қарсы қылмыстық іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, оны 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр екен. Ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов «Қазмұнайгазда» жұмыс істеген кезде қабылданған.

“Ақпанның 7-і күні әкемді ақша жымқырды деген күдікпен ұстап, ал кеше 8-і күні айғақсыз екі айға қамауға алды. Біз мұндай заңсыздықты бұрын-соңды көрген емеспіз. Біз тағылған айыптың барлық дәлелдерін келтірдік. Бірақ ‘кономикалық тергеу басқармасының тергеушісі Асылхан Асан оларды елемейді. Менің әкем адал және ол тағылған айыптарды ешқашан істеген емес. Сізден барлық қажет шараларды тез арада қабылдап, әкемнің абыройын қалпына келтіруіңізді сұраймын!” – дейді Әлсейітовтың ұлы Сұлтан Оспанбек. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...