Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Бар тапқанымды әдемі көйлек пен әннің әріне жұмсадым – Роза Әлқожа

Роза Әлқожа өткеніне көз жүгіртіп, мұңға толы жазбасымен бөлісті.

Танымал

Ел аузында

Ол саналы ғұмырын ел арасында өткізіп, бар тапқанын көппен бөлісіп, өнерге жұмсағанын айтты. Есесіне осы қасиеттері үшін өзін құрметтейтінін жеткізді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

«Әлдеқандай қорқыныш пен жауапкершілік төсектен жұлып алды!
Бір апта бойы ештеңеге зауқым жоқ, үйден ұзамаппын.
Дауыл алдындағы тыныштық секілді я биікке секіру алдындағы шегіну?!
Концертке ұсыныс түскелі өткеніме “сүңгіп” кеткен сияқтымын?!
Осы күнге дейін бар тапқанын әдемі көйлек пен әннің әріне, бейнебаян мен оның машақатына, үлкен кештерге жұмсаған жаным бір мұңға батты.

Өз кітабын өзі шығарған, несібесін көппен бөліскен Розада ары-бері жүруге дұрыс көлік те жоқ екен-ау?!

Ертең құда келсе деп зәулім үй де салмаған бұл қарапайым келіншек саналы ғұмырын ел арасында, бала мен қазанның ортасында өткізіпті!
Жарының ылғи шайын құйып бермеген шығар?! Бірақ құдайдан құйылған әнді жүректерге жеткізіп, жырдың азабын анық өткізген!
Балаларының қалай өскенін де білмеуі мүмкін, ал әр әнінің жүректерге жетуі үшін таң мен түн қатқан», – дейді Әлқожа. 

Әнші осы күнге дейін ешкімнен ештеңе дәметпей алға ұмтылғанын, дүниеге құмар болмағанын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...