Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16 C
Nur-Sultan
23.3 C
Almaty
21.1 C
Shymkent

Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ұзақ келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Президенті елімізде ең таңдаулы деген ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстанда инженерлік-техникалық кадрларға деген сұранысты ескеріп, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Келіссөздер барысында Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал университеттерінің, әсіресе техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға келісім бергені үшін алғысымды білдірдім. Олар Қазақстандағы білім беру саласына үлкен үлес қосады деп ойлаймын», – деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарының желісін кеңейту жөніндегі елеулі келісімдерді құптайтынын айтты.

«Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл – Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін», – деді Қазақстан Президенті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасындағы баспасөз туры: МӘМС туралы заңдағы өзгерістер аясында медициналық көмек қалай өзгереді

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі негізгі өзгерістерге қатысты БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.Іс-шара барысында...