Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер жасырын схемалар бойынша сатылады» – Жұманғарин

Танымал

Ел аузында

Оның айтуынша, құрылысты бірінші тәсілмен ұйымдастыру кезінде бір құрылыс салушыға Бірыңғай оператордың кепілдік лимиті 50 млрд теңгеден аспайды.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп жазады baq.kz.

Құрылыс кезінде үлескерлердің қаражатын тартуға үш тәсілдің бірімен рұқсат етіледі:
1) Қазақстандық тұрғын үй компаниясы бірыңғай оператор кепілдігінің болуы;
2) Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілі кезінде әкімдік рұқсаты;
3) Каркас тұрғызылғаннан кейін әкімдік рұқсаты, – деді ол. 

Жұманғарин атағандай, құрылысты бірінші тәсілмен ұйымдастыру кезінде бір құрылыс салушыға Бірыңғай оператордың кепілдік лимиті 50 млрд теңгеден аспайды. 

Ал ірі құрылыс салушылардың бірінің құрылыс көлемі шамамен 250 млрд теңгені құрайды, бұл көзделген лимиттен 5 есе артық. Екінші деңгейдегі банктермен несиелендіру бойынша екінші тәсіл, каркас тұрғызылғаннан кейін ғана жұмыс істейді, бұл құрылыс салушылардың өз қаражаты есебінен құрылыстың 30%-ын құрайды. Осылайша, агенттіктің талдау деректері бойынша, 2021 жылы жеке құрылыс ұйымдары салған 7,5 млн шаршы метр тұрғын үйдің 27%-ы өз қаражаты есебінен және 26% – ы заңнамада көзделген рұқсаттарды алғаннан кейін салынған, – деді ол. 

Сондай-ақ ол тұрғын үйдің қалған 47%-ы брондау, резервтеу және т.б. шарттар бойынша салынғанын айтты. 

Осылайша, үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер жасырын схемалар бойынша сатылады, – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...