Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

«Біз ешқашан оңай беріліп көрмегенбіз»: Украина президенті халқына үндеу жолдады

Танымал

Ел аузында

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа бейнеүндеу жолдап, 16 ақпанның мемлекеттік мереке – Украина бірлігі күні болатынын мәлімдеді. Аталға күні барлық елді мекендердегі үйлер мен ғимараттарда Украинаның мемлекеттік туын көтеру қажет болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі УНИАН сайтына сілтеме жасап.

«Бізді үлкен соғыспен қорқытып жатыр және мұнымен қоса әскери шабуылдың күнін белгіледі. Бұл бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Бірақ біздің бүгінгі мемлекетіміз бұлай күшті болған емес… Бізге ақпанның 16-сы күні шабуыл болатынын айтады. Біз ол күннен Бірлік күнін жасаймыз. Тиісті жарлыққа қол қойылып та қойды. Бұл күні мемлекеттік туымызды іліп, көк-сары лента тағып, бірлігімізді барша әлемге паш етеміз», – деді Зеленский.

Ол биліктің қауіпсіздік жағдайын бақылап отырғанына, ал Украина армиясының басып кіруге табандылықпен тойтарыс беру үшін заманауи қару-жарақ пен моральдық күшке ие екеніне сендірді.

«Біз ешқашан оңай беріліп көрмегенбіз және олай болмайды да… Ия, қазір сіздерге айнала қараңғы болып көрінуі мүмкін. Бірақ ертең біздің бейбіт аспанымызға күн қайтадан нұрын шашады. Украинаны сүйіңіздер! Біз сабырлымыз. Біз мықтымыз. Біз біргеміз. Ұлы мемлекеттің ұлы халқы», – деді украин президенті.

Зеленский сондай-ақ жақында Украинадан кеткен олигархтар мен бизнесмендерден қайта оралуын сұрады.

«Мен осынадай маңызды сәтте Украинаны тастап кеткендерге мынаны айтқым келеді. Сіздердің күштеріңіз ақшаларыңыз бен ұшақтарыңызда емес. Ол сіз көрсете алатын азаматтық ұстанымда. Солардың арқасында өз зауыттарыңыз бен байлықтарыңызға ие болған халыққа, елге оралыңыздар. Бүгінгі күні әрбір Украина азаматы үшін сынақ түсіп тұр. Ол сынақтан абыроймен өтіңіз. Украинаның кім үшін нағыз отан екенін, ал кім үшін тек ақша алаңы болатынын барлығы түсінсін», – деп шақырды президент.

Зеленский Украинаға қарсы бірнеше майданда соғыс болып жатқанын жеткізді. Президенттің айтуынша, «дипломатиялық майданда» Ресей Украинаны ЕО мен НАТО-дағы болашағынан айыруды, ал «ақпараттық» майданда украин армиясының қарсы тұру қабілетіне күмән келтіріп, оны жеңілуге мәжбүр етуді мақсат етуде.

Қоса кетейік, АҚШ президенті Джо Байден бұған дейін Ресей 16 ақпанда Украинаға шабуыл жасауы мүмкін екенін айтқан. Der Spiegel журналының жазуынша, Ресейдің осы күні басып кіруі мүмкін екенін ЦРУ мен АҚШ әскерилері де қостаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...