Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қазақстанда шенеуніктердің табысы мен шығынындағы айырмашылықтары бақылауға алынады

Мәжілісте ресми табысы мен шығынында айырмашалықтары бар шенеуніктерге санкция жариялау жайлы заң жобасы қаралды.

Танымал

Ел аузында

Жоба жемқорлықты жою мәселелерін шешу үшін бағытталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Егер мемлекеттік қызметкер мен оның жұбайының шығындары ресми түрде көрсетілген табысынан көп болатын болса, қызметкерге мансаптық санкция жарияланады. 

«Санкция айырмашылық мөлшері көп болған жағдайда салынады. Шығын мен табыс айырмашылығы 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (3 миллион теңге) асса, мемлекеттік қызметкерге айырмашылықтың 90%-на тең болатын айыппұл салынады. Дегенмен барлық жағдайда шығынның заңды екенін түсіндіруге мүмкіндік беріледі. Ал шығын мен кіріс арасындағы табыс мемлекеттік қызметкердің жылдық табысынан асып кетсе, ол қызметінен босатылады», – деді Марат Ахметжанов. 

Оның сөзінше, заң жобасының қабылдануында жалпыға ортақ табысты мағлұмдау үлкен маңызға ие болмақ. 

Айта кетейік, 2021 жылы жалпыға ортақ мағлұмдаудың бірінші кезеңі аясында мемлекеттік қызметкерлер активтері мен олардың міндеттері жөнінде декларация ұсынуы қажет болған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...