Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды», – делінген хабарламада.

Әсем Нүсіпова 2022 жылы 14 ақпанда денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

2001-2003 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі болған.

2003-2007 жылдары Қаржы министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2007-2008 жылдары – денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары – «Қазтрансойл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің бірі саналатын алматылық зауыт үздік жеткізушілерді марапаттады

Сarlsberg Group компаниялар тобының Қазақстандағы еншілес ұйымының  үздік жергілікті жеткізушілерді анықталды. Онда  отандық өндірісті дамытуға, тұрақты тәжірибені енгізуге және...