Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Жаңаөзенде мұнайшылардың айлығы 20 пайызға көтерілетін болды

Жаңаөзенде наразылық білдірген мұнайшылардың айлығы 20 пайызға көтерілетін болды.

Танымал

Ел аузында

«ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылары жалақыға көңілі толмағандармен кездесіп осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Жағдайды тұрақтандыру, кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек дауын ары қарай реттеу үшін бұған дейін 10 пайызға көтерілген болса, енді тағы да 20 пайызға өсіру туралы кәсіподақпен келісім жасалды. Осылайша осы жылдың басынан жалақының жалпы өсімі 30 пайызды құрайтын болады”, – дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» басшылығы енді жалақыны бұдан артық биылға өсіре алмаймыз деп отыр. Сондықтан мұнайшыларға осы көтерілген айлыққа қанағат етіп, жұмысты жалғастыруларын сұрайды.

Жалпы ресми статистика бойынша Жаңаөзенде 7 мыңға жуық адам жұмыссыз. Олардың да мәселесі ушығып тұр. Дені мұнай компанияларына жұмысқа орналасуды көздейді. Бірақ жауаптылар барлығын бірдей мұнай-газ саласына орналастыру мүмкін емес деп отыр. Билік оны да шешудің жолын қарастыруда. Яғни жұмыссыз азматтарды қайта оқытып, басқа бір кәсіпке бейімдемек. Қазір Жаңаөзенде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар азаматтардың әлеуметтік жағдайын зерделеп, алдымен тұрмысы нашарларын жұмыспен қамтымақ.

“Шағымданушылардың арасынан құрылған комиссия қоғам белсенділері бар. Солар әр арыз берушінің бүгінгі таңда саны 194 болды. Солардың үйін аралап тұрмыстық жағдайын, отбасында табыс табушы кім, қанша табыс келеді, қандай жағдайы бар, соның барлығын зерделей отырып өздері шешім шығарады. Ұсынысқа қарай шешімді біз қабылдаймыз”, – дейді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...