Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Дамыған елдерде мыжылуға кететін көлікті алғанымызға мәзбіз әйтеуір

Танымал

Ел аузында

2017 жылы Ресейде көпбалалы отбасыларға көлік алуға мемлекет тәжірибе ретінде бағдарлама енгізді. Ол бойынша көпбалалы отбасылар машина алған сәтте 10% жеңілдік жасалатын. Яғни 7 млндық машинаны 6.3 млнға алатын. Дәл осындайды Беларусь енгізді. Ал Еуропаның кей шіріген бай елдерінде мынандай тәжірибе бар. Екі бала болса 20%, үшеу болса 30% жеңілдік жасайтын. Шығынды мемлекет өтейді.

Неге? Себебі көлік ең алдымен қажеттілік, ал баланы балабақша, түрлі үйірме, мектепке апару үшін көлік ауадай қажет. Яғни мемлекет баланың жағдайын ойлап отыр. Тамаша тәжірибе менің ойымша. Осыны неге алмасқа?! Қазіргі 4% бағдарламаны қараңыз. Ұсынып отырған көліктері де, бағалары да ұнамады. Қымбат. Ана қаржыға өзге елде жақсы көлік аласың. Утильалым да қанша түсетіні белгісіз.Есі дұрыс елде адамдар 5-6 млнға жақсы көлік алып мінеді. Ал бізде 15 жыл бұрынғы, темірі шіріген тұлпар аласың. Аты тұлпар, заты есек.

Дамыған елдерде мыжылуға кететін көлікті алғанымызға мәзбіз әйтеуір. Соған да қол жеткеніне қуанып қоямыз. Ех…қазақ қашан тұлпардың төресін мініп жүреді. Темір тұлпардың төресін?…

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Жиырма бірінші ғасыр технологияның нағыз дамыған кезеңі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін гаджетті қалай қолдану керек екенін жатқа біледі....