Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Ендігі қысқы Олимпиада Италияның 2 қаласында өтеді

Бүгін Бейжіңдегі XXIV Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды.

Танымал

Ел аузында

Енді 2026 жылғы Ақ Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясында белгілі болды. Қысқы ойындардың астанасы ХОК мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталған. Сол тұста 2026 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларынан бөлек, Стокгольм мен Оре үміткер атанған еді.

Алғашында 2026 жылғы Олимпиаданы өткізуге жеті қала үмітті болған. Финалдық кезеңге дейін екі үміткер қалды. Нәтижесінде Италия жеңіске жетті. 2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуы 6 ақпанға жоспарланған.

Бүгін Бейжің Олимпиадасының жабылу рәсімінен кейін Олимпиада эстафетасын Бейжіңнен 25-кезекті ойындар өтетін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдап алады.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжің Олимпиадасы 4 ақпанда басталып, 20 ақпанда өз мәресіне жетті.


Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...