Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
30 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін – Мөлдір Әуелбекова

Танымал

Ел аузында

Екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сыр шертті. Әнші жүрегінің тас болып қалғанын айтып, енді тұрмысқа шығу мүмкіндігін жоққа шығарды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әуелбекова жуырда жол апатына түсіп қалғанын айтты. Әншінің айтуынша, апаттан кейін бұрынғы күйеуі өзі сыйлаған көлікті тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен. Әуелбекова экс-жарынан көңілі қатты қалғанын айтқан еді. Бұл жолы әнші көпшілікке сырын ақтарды. 

«Енді ерімейтіндей сіздің жүрек қола не тастан емес қой?» – деген Instagram оқыранының сауалына: 

«Дәл қазір қола, әрі тас. Сол қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін», – деп жауап берді. 

Әйткенмен әнші әлі де біреуге ғашық болу мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Енді ессіз ғашық болмаймын демедім», – деді Мөлдір.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...