Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

Танымал

Ел аузында

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге ғимараттарымыз да жеткілікті, мүмкіндігіміз де бар!». Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағының президенті Қайрат Закирьянов мәлімдеді.

«Дүниежүзілік студенттік спорт басшылығымен кездесу барысында біз өңірдегі студенттік спортты дамыту, ынтымақтастық стратегиясы және Орталық Азияда студенттік спорт жобаларын ілгерілету бастамаларын талқыладық. Мен 2026 жылы Қазақстанда студенттер арасындағы бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ұсыныс жасадым және оған қолдау білдірілді. Бұл Халықаралық студенттік спорт федерациясының және өзге де әлемдік ұйымдардың елімізге деген зор сенімін көрсетеді», – деді ол.

Алматының 2026 жылғы студенттер арасындағы бокс әлем чемпионатын қабылдауы – тек ірі спорттық іс-шара емес, халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам.

Қайрат Закирьянов сондай-ақ WORLD Boxing ұйымының бұл бастамаға ресми қолдау көрсететінін атап өтті. Белгілі қазақстандық спортшы Геннадий Головкин жақында осы ұйымның басшысы болып тағайындалған еді. Бұл чемпионаттың мәртебесін арттырып, жарыстың халықаралық деңгейдегі ықпалын күшейтеді деп күтілуде. Баспасөз маслихаты барысында тағы бір маңызды мәселе қозғалды – 2029 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы екінші рет Қазақстанда өткізу мүмкіндігі. Егер 2029 жылғы Қысқы Универсиада да Қазақстанға берілсе, еліміздің студенттік спорттағы рөлі жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін.

«FISU бұл тақырыпты да көтерді. Бізде Универсиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық алғышарттар бар», – деді Қайрат Закирьянов.

Ол 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың ел мен Алматының имиджіне зор әсер еткенін, тарихтағы ең үздік студенттік ойындардың бірі ретінде танылғанын еске салды. Сол тәжірибе әлі күнге дейін қаланың ірі жарыстар өткізуге қабілетті сенімді алаң ретіндегі беделін нығайтып келеді.

Студенттік спорттың ішкі дамуы мен оның позициясын нығайту туралы айта келе, Қайрат Закирьянов «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындары жанынан спорт клубтарын құру және олардың базасында әртүрлі спорт түрлері бойынша студенттік лигалар жүйесін қалыптастыру ұсынылады. Бұл жастарды спортқа көбірек тартуға, сондай-ақ Алматыда және бүкіл елде белсенді, салауатты және бәсекеге қабілетті студенттік ортаны қалыптастыруға ықпал етпек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алма Қараш «Алматының ауасын тазарту үшін ауа тазартқыш мұнаралар керек»

Бүгін Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясы маңызды мәлімдеме жасады. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың кандидатурасын...