Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Украинадағы жағдайдан кейін Қазақстан қалай әрекет етеді – Сыртқы істер министрі жауап берді

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мұхтар Тілеуберді қазіргі жағдайдың шиеленіскенін айтып, Украинаға әскер жіберілмейтінін мәлімдеді. 

«Бәріміз білеміз, кеше Ресей президенті ДХР мен ЛХР егемендігін мойындаған болатын. Жағдай күрделі, шиеленісіп келеді. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы әлі талқылануда», – деді Сыртқы істер министрі. 

Сонымен қатар министр Қазақстанның халықаралық құқық негізінде және Біріккен Ұлтар Ұйымының ұстанымы негізінде әрекет ететінін қосып өтті. 

«Әзірге ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау сұрағы көтерілген жоқ. Ал ресми ұстаным Қауіпсіздік кеңесінен кейін нақтыланады», – деді Мұхтар Тілеуберді. 

Айта кетейік, Ресей президенті ДХР мен ЛХР егемендігін мойындаған еді. Сонымен қатар халқына үндеу жолдап, Украина туралы айтқан. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...