Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар жыл басынан бері БЖЗҚ-дан қанша ақша алды?

Танымал

Ел аузында

Жыл басынан бері қазақстандықтар БЖЗҚ-дан баспана және емделу үшін 97 миллиард теңге алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында 97 миллиард теңге төленді. Бұл ретте жасы бойынша зейнеткерлерге төленетін төлемдердің көлемі небәрі 6,6 миллиард теңге, мұрагерлік төлемдер – 3,8 миллиард теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 367,8 миллиард теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 миллиард теңге.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 11,7 миллион болды. 2022 жылдың бірінші айында БЖЗҚ салымшылары былтырғымен салыстырғанда шамамен 30 пайызға артық қаражат аударды.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы сомасы шамамен 114,9 миллиард теңге зейнетақы жарналары түскен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,1 миллиард теңгеге артық.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...