Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
30 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Утильалым мөлшерлемесі қашан жарияланады?

Танымал

Ел аузында

Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалым мөлшерлемесі туралы айтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін, 23 ақпанда сағат 13:00-де «Хабар 24» телеарнасында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Интервью» бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйлейді», – делінген Қазақстан Үкіметінің ресми Telegram-арнасында.

Онда кәдеге жарату төлемі мөлшерлемесін төмендету мәселелері қозғалатыны баса айтылды.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі 23 ақпанда жарияланатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...