Қазақстанда утильалым мөлшері 50% азаяды

Танымал

Ел аузында

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кәдеге жарату төлемдерінің жаңа мөлшерлемесін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роман Скляр «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфирде сұхбат берді.

«Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен қатар, Роман Скляр автосалондардағы көлік тапшылығы әлемдегі микросхема (чиптер) тапшылығымен байланысты екенін айтты.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі 23 ақпанда жарияланатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...