Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Дінтану және мәдениеттану мамандарын даярлаудың ірі орталығы

Танымал

Ел аузында

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы дінтану саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын Қазақстандағы жетекші орталықтардың бірі болып табылады. Кафедра бүгінде білім беру және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру проекциясында дінтану процестерін талдау үшін әдіснамалық нұсқауларға сәйкес теориялық, ғылыми ақпаратты пайдалана алатын дінтану саласындағы білікті мамандарды даярлаумен айналысуда.  Қазақстандық дінтанушыларды оқытудың басталу тарихы мен дамуы Білім Қайнелұлы Құдайбергенов, Мұханмадияр Серікбекұлы Орынбеков секілді ұлы тұлғалардың  есімдерімен байланысты. 1995-2003 жылдары аралығында М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, профессор М.С. Орынбековтың кафедрада басшылық етуімен, 1999 ж. профессор Б.К. Құдайбергеновтың бастауымен факультетте «Дінтану» бөлімі ашылды, алдымен бакалавриат, содан соң магистратура мен докторантура. «Дінтану» мамандығы бойынша МЖМБС, үлгілік бағдарламалар, дінтану пәндері бойынша ПОӘК құрастырылды. Қазіргі уақытта кафедра «Дінтану», «Мәдениеттану» және «Исламтану» мамандықтары бойынша жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды 3 деңгейде дайындауда.

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы өзінің оқытушылық құрамының жоғары біліктілігімен мақтан ете алады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ҚР ҰҒА-мен (философия, саясаттану және дінтану институты) белсенді ынтымақтастық жасайды. Алыс және жақын шетелдердің профессорлық-оқытушылық құрамымен байланыс орнатылды. Көптеген оқытушылар алыс шетелдің көптеген жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтеді, сондай-ақ өздері осы университеттерде шақыру бойынша дәріс оқиды. Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар лаураеттары  қатары да жыл сайын толысуда.

Көптеген білікті мамандар даярлауда еренбей еңбек еткен, профессор Байтенова Нагима Жаулыбайкызының кафедрамыздың дамуына қосқан үлесін атап өтпеуге болмайды. Профессор Байтенова Н.Ж.  университеттік, жоғары оқу орындарыаралық, республикалық, аймақтық және халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға үнемі қатысып, білім алмасып отырады. Осы салада 40 жуық монография мен кітаптар, 100-ге жуық ғылыми мақалалар, соның ішінде шетелдік басылымдардағы еңбектері, философия пәні бойынша оқулықтары жарық көрген. Атап өтер болсақ, профессордың басшылығымен жазылған «Дінтану» (2019 ж.), «Дінтану: энциклопедиялық сөздік» (2 т. 2018 ж.) дінтану мамандарының арасында үлкен сұранысқа ие. Профессордың жетекшілігімен 15 кандидаттық және 5 докторлық диссертация, 1 PhD доктор және 50-ге жуық магистрлік диссертация қорғалды. Байтенова Н.Ж. екі рет «Жылдың үздік оқытушысы» атағына ие болды (2006 ж., 2014 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының медалімен марапатталды (2008 ж.). Н.Ж. Байтенованың басшылығымен Құрманалиева А. Д., Затов К. А., Бейсенов Б.К., Рысбекова Ш.С., Борбасова К.М., Мейрбаев Б.Б., Абжалов С.У сияқты дінтанушылардың жоғары білікті мамандарының діңгегі қалыптасты және олар бүгінде отандық дінтанудың дамуына үлкен үлес қосуда. Академик Ғарифолла Есімнің шәкірті, философия ғылымдарының докторы, профессор  А.Д. Құрманалиева 2011 жылдан бастап «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. А.Д. Құрманалиеваның дінтану саласында алар орны ерекше.  А.Д. Құрманалиеваның басшылығымен жазылған «Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы», «Христианство в Казахстане: история и современность» секілді еңбектері Қазақстан дінтанушылары арасында кең танымалдыққа ие болды. 20 жуық монография мен кітаптар, 70-ке жуық  жинақтардағы, ғылыми мәслихаттардағы, симпозиумдардағы, семинарлардағы еңбектер (тезистер, баяндамалар), 60-қа жуық ғылыми мақалалар, соның ішінде шетелдік басылымдардағы еңбектері бар. Сонымен қатар кафедрамыз, философия ғылымдарының кандидаттары Кантарбаева Ж., Аликбаева М., Мұхитдинов Р., PhD докторлары Альджанова Н., Нұрғазы Д., Бағашар Қ., Мұқан Н., Шағырбай А., және т.б. дінтану және мәдениеттану оқу бағдарламаларының қазіргі нарықтық жағдайдағы өзекті мәселелерін зерттеумен айналысатын тұлғаларымен мақтан етеді.

Біздің түлектеріміз дінтану саласы бойынша зерттеулер жүргізеді, аналитикалық ғылыми мақалалар жазады, дәрістер мен семинарлар өткізеді, билік өкілдеріне кеңес береді. Оқу орындарында діннің негізін қалаушы рухани ережелерін зерделеу түрлі мәдениеттер, конфессиялар өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді, сонымен қатар білім беру процесін кең гуманитаризациялауды қамтамасыз етуі елдің қауіпсіздігі мен гүлденуінің кепілі. Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, қоғамның рухани және діни рухани әлеуетін көтеруді мақсат еткен, өз ісіне адал оқытушылар ұжымы әлі де көптеген зерттеулер жүргізіп, еліміздің дінтану саласының дамуына үлестерін қоса бермек. Дінтану және мәдениеттану кафедрасы өзінің қайталанбас рухын сақтай отырып, өзінің кәсіби мәртебесін саланың дамуындағы ерекше еңбектерімен жыл сайын нығайтуда.

Жорабек Ж. Г., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

«Исламтану» мамандығының докторанты

www.kaznu.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...