Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Нұр-Сұлтанға келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жапаров бастаған Қырғызстан делегациясы санитарлық нормаларға сәйкес коронавирусқа қарсы ПТР-сынама тапсырған.
Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы 24 және 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.
Сондай-ақ, шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәліметінше, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.