Қырғызстан үкіметінің басшысы Нұр-Сұлтанға келді

Танымал

Ел аузында

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Нұр-Сұлтанға келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жапаров бастаған Қырғызстан делегациясы санитарлық нормаларға сәйкес коронавирусқа қарсы ПТР-сынама тапсырған.

Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы 24 және 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.

Сондай-ақ, шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәліметінше, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстанда 33 мыңнан астам адам IT Aiel және Aqyl Tech жобалары арқылы цифрлық дағдыларды меңгерді

Қазақстанда әйелдер мен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жасанды интеллект технологияларын меңгеруге және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған IT Aiel және Aqyl...