Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Валютаны сату мен сатып алудағы айырмашылық 100 теңге. Ақша айырбастау пункттері өз жұмыстарын тоқтатты

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда Ресейге салынған санкцияларға байланысты теңге бірден құлдырады. Осы себепті бүгін елімізде ақша айырбастау пункттерінің басым бөлігі өз жұмысын тоқтатты. Ал жұмыс істеп жатқан пункттерде доллар бағамы шарықтап тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

KASE қор нарығындағы сауда-саттықты Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге шегерген. Сонымен қатар қазір нарықтағы сауданы толығымен тоқтату туралы сауалдар көтерілуде. 

Нарықтағы сауда франкфурттық аукцион әдісі арқылы ашылады. Бұл – курс бағамына спекулятивті әсерді азайтуға арналған әдіс.

Өз жұмысын жалғастырған ақша айырбастау пункттерінде доллар мен еуроны сату-сатып алудағы айырмашылық 100 теңгеге жеткен.

Мәселен, Еуразия банкі өз мобильді қосымшасында ұсынған курс бағамында долларды сатып алу 450 теңге, ал сату 550 теңгеге тең. Еуроны сатып алу 505,7 теңге болса, сату 605,7 теңге. Рубльге назар аударсақ, сатып алу үшін бар-жоғы 2 теңге ұсынып отыр. Сату құны 6,5 теңге

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...