Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау: Атыраудан алғашқы рейс ұшып шықты

Танымал

Ел аузында

Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмысы жалғасуда. Қазіргі таңда бірнеше автобус Польшаға жеткені белгілі. Одан кейін отандастар ұшақпен Қазақстанға жеткізіледі.

Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сыртқы істер министрлігімен, Қазақстанның Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейстер ұйымдастыру мәселесін пысықтады.»28 ақпанда Қазақстан азаматтарын шығару бойынша КС 2203 бірінші рейсі Атырау қаласынан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, 179 адам сыяды», – делінген хабарламада.Ұшақ Катовице қаласынан Атырауға бүгін, 28 ақпан Катовице уақытымен сағат 10:30-да қайтады деп жоспарланған.

Кеше, 27 ақпанда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 80 қазақстандық (бір автобус) Украинадан Польшаға өткенін мәлімдеді. Тағы 260 отандасымыз шекара бекетінде кезек күтіп тұр.28 ақпан таңертең шекарада тұрған қазақстандықтар хабарлағандай, тағы екі автобус шекараны кесіп өткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...