Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматы облысында әкім орынбасары ұсталды

Танымал

Ел аузында

Сонымен қатар патрондары бар «Вепр» және «Иж-27» аңшы мылтықтарын тапты.

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды, деп жазды қоғам белсендісі Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-парақшасында.

Экология министрлігінің мәліметінше, 27 ақпанда жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында «Охотзоопром» МКҚК инспекторлары Сүмбе шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Райымбек ауданының Шалкөде ауылында Skoda және Honda автокөліктерін тоқтатқан.

Skoda автокөлігін тексеру кезінде инспекторлар жабайы жануардың тушасын (марал болуы мүмкін), сонымен қатар патрондары бар «Вепр» және «Иж-27» аңшы мылтықтарын тапты.

«Күдіктілердің бірі Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев болып шықты. Ол өзінің автокөлігімен жүрген. Алайда ол өзін инспекторларға «Самат Хасеновпын» деп таныстырған», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ол аудан әкімінің орынбасары ғана емес, әдеп жөніндегі уәкіл болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...