Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

Танымал

Ел аузында

Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.

«Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін», – деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.

Беларуссияда 7 наурызда кешке Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Ол үш сағатқа созылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан, деректі талдаудан және өз пікірін дәлелдеуден басталады. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы...