Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып Андрей Карпович тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Андрей Карповичті жуық арада ресми түрде таныстырады.
Қазіргі уақытта 41 жастағы маман «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері қызметін атқарады. Бұл маманның бастамасымен петропавлскілік команда Конференция лигасының жолдамасына ие болады.
Карпович Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасында Молдоваға қарсы іріктеу ойындарына дайындайды. Аталған кездесулер 24 және 29 наурыз күндері өтеді.
Сол ойындардан кейін Андрей Карповичтің құрама бапкері қызметінде қала ма, жоқ па белгілі болады.