Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып Андрей Карпович тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Андрей Карповичті жуық арада ресми түрде таныстырады. 

Қазіргі уақытта 41 жастағы маман «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері қызметін атқарады. Бұл маманның бастамасымен петропавлскілік команда Конференция лигасының жолдамасына ие болады. 

Карпович Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасында Молдоваға қарсы іріктеу ойындарына дайындайды. Аталған кездесулер 24 және 29 наурыз күндері өтеді. 

Сол ойындардан кейін Андрей Карповичтің құрама бапкері қызметінде қала ма, жоқ па белгілі болады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...