Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

«Шекарадағы ауылдарға «Қытайға қош келдіңіз» деген хат келеді»: депутат Цифрлық даму министрлігін сынға алды

Танымал

Ел аузында

Депутат Цифрлық даму министрлігінің өкілінен осы мәселенің шешу жолын сұрады14

Шығыс Қазақстан облысының кей аймақтарында интернет мүлдем жоқ, алайда Цифрлық даму министрлігінің құжаттарында барлығы керісінше. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров төменгі палатаның жалпы отырысында көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ШҚО Тарбағатай ауданындағы Асусай, Жалаңаш ауылды мекендерінде интернет жоқ. Бірақ министрліктің құжаттарында ол жақта интернет бар деп жазылып тұр. Зайсан ауданының Жалшы, Қарасай ауылдарында да интернет жоқ, алайда құжаттарда бар деп көрсетілген. Сонымен қатар, осы Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл аудандарынан өткен кезде мобильді телефонға «Қытайға қош келдіңіз» деген хабарлама келеді. Министрліктің есептері мен шынайы өмірдің арасындағы айырмашылық жер мен көктей», – деді Ерлан Сайыров.

Депутат Цифрлық даму министрлігінің өкілінен осы мәселенің шешу жолын сұрады. Өйткені оның айтуынша, мұндай жағдай жергілікті халықтың психологиялық жағдайына кері әсер етуде.

Өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек аталған ауылдар туралы қолында нақты ақпараттың жоқтығын айтып, ресми түрде жазбаша жауап жолдайтынын мәлімдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...