Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесші тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия сайтына сілтеме жасап.

«Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Партияның баспасөз қызметі мәліметінше, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі...