Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда оппозиционер Юн Сок Ёл жеңіске жетті

Танымал

Ел аузында

«Азаматтық күш» консервативті оппозициялық партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетіп Оңтүстік Корея президенті болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА-Новостиға сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 9 наурызда өтті, дауыс берген сайлаушылар саны 77,1 пайызды құрады, 44 миллионнан астам сайлаушыдан 34 миллионнан астам адам дауыс берді.

Юн Сок Ёл 48,56 пайыз дауыс жинады, ал оның негізгі қарсыласы биліктегі «Тобуро» демократия партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён 47,83 пайыз дауыс жинап, жеңіске жете алмай қалды. Президенттік жарыста үшінші болған Сим Сан Чжон сайлаушылардың 2,37 пайыз дауысын жинаған.

 «Бүгінгі сайлау қорытындысы менің емес, бұл – халықтың, Ан Чхоль Су бастаған «Халық күші» партиясының жеңісі. Біз бәріміз халқымызға қызмет ету үшін бірігіп әрекет етуіміз қажет», – деді Юн Сок Ёл.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...