Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

«Қазақтелеком» басшысынан куәгер ретінде жауап алынды – Антикор

Танымал

Ел аузында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов «Қазақтелеком» АҚ-тың бірінші басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ол (Қуанышбек Есекеев – еск.) қазіргі басшы, ол әзірше іс бойынша қаралып жатқан жоқ. Одан куәгер ретінде жауап алынды», – деді Бектенов Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-қа қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...