Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.1 C
Nur-Sultan
21.7 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталды – Антикор

Танымал

Ел аузында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов «Қазақтелеком» АҚ-тың бұрынғы басшысы Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз кеше таратқан ақпарат негізінде, сол көлемде ғана айта аламыз, бірақ белсенді тергеу әрекеттері енді басталды, сондықтан күтейік. Ақпарат болған кезде оны міндетті түрде жеткіземіз», – деп жауап берді Бектенов.

БАҚ өкілдері Бектеновтен Қайрат Сатыбалдыұлы шынымен ұшақта ұсталды ма деп сұрады.

«Иә, ол Алматы әуежайы аумағында ұсталды. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында сот қандай дәлелдер мен бұлтартпау шарасын анықтайтынын қараймыз», – деп толықтырды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-қа қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...