Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

30 C
Nur-Sultan
23.6 C
Almaty
28.7 C
Shymkent

Мәскеуде міндетті маска тағу режимі алып тасталды

Танымал

Ел аузында

Мәскеу мэрі Сергей Собянин маска тағу режимін алып тастады. Шектеу шарасы 15 наурыздан бастап жойылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты түрде жақсаруы көптен күткен шешімді қабылдауға мүмкіндік берді. Сейсенбі, 2022 жылдың 15 наурызынан бастап маска тағу талаптарын алып тастаймыз», – деп жазды ол өз блогында.

Сонымен қатар, Мәскеу мэрінің жарлығы бойынша, белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті шектеу шаралары алып тасталады: жұмысшылардың дене қызуын үнемі өлшеу, жұмыс орындарын бөлу және т.б.

«Қазіргі жағдайда бұл шешім қатаң санкциялық қысымға ұшыраған бизнеске қолдау болады», – деді Собянин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Спорт- денсаулық кепілі» атты кездесу өтті

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде  – ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесіне  орай, спортшы, мемлекеттік...