Мәскеуде міндетті маска тағу режимі алып тасталды

Танымал

Ел аузында

Мәскеу мэрі Сергей Собянин маска тағу режимін алып тастады. Шектеу шарасы 15 наурыздан бастап жойылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты түрде жақсаруы көптен күткен шешімді қабылдауға мүмкіндік берді. Сейсенбі, 2022 жылдың 15 наурызынан бастап маска тағу талаптарын алып тастаймыз», – деп жазды ол өз блогында.

Сонымен қатар, Мәскеу мэрінің жарлығы бойынша, белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті шектеу шаралары алып тасталады: жұмысшылардың дене қызуын үнемі өлшеу, жұмыс орындарын бөлу және т.б.

«Қазіргі жағдайда бұл шешім қатаң санкциялық қысымға ұшыраған бизнеске қолдау болады», – деді Собянин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде педагогикалық практиканың нәтижесі қорытындыланды

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының...