Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Украинада тағы қанша қазақстандық бар?

Танымал

Ел аузында

Сыртқы істер министрлігі Украинада әлі қанша қазақстандық бар екенін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде дипломаттар 822 қазақстандықтың Украинадан кетуіне көмектескен, оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Венгрия және Словакияға кеткен.

«Харьковтағы эвакуациялау пунктінде үш отандасымыз бар. Сумы қаласында тұрақты байланыс орнатылған бір азамат бар. Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәліметінше, Мариупольдегі қазақстандықтардың жалпы саны – 18 адам. Электр қуатының үзілуіне және телефон байланысына қатысты олармен хабарласу мүмкін емес», – делінген хабарламада.

Дипломаттар көмегімен қазақстандық 57 жүк көлігінің 51-і Украина аумағынан шыққан, ал қалған 6 көлікке қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...