Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Жаркент өңірінде жиі көтерілетін жол мәселесі шешіледі

Танымал

Ел аузында

Панфилов ауданы тұрғындары «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» республикалық маңызы бар автожолының мәселесін жиі көтеріп жүр. Бүгін аудан халқымен кездесуде Қанат Бозымбаев аталған проблеманың шешімі жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, қазіргі кезде «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалы жол учаскесін орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірлеуде.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тапсырмасы бойынша биылдың 31 мамырына дейін Көкталдан Жаркентке дейінгі 14 шақырым жол учаскесі құрылысының құжаттары сараптамадан шығады, сметалық құжаттаманы есептеу жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе жуық арада шешіледі», – деді Қ.Бозымбаев.

Жалпы Алматы облысында өткен жылы жолдарды салуға және жөндеуге 47,1млрд. теңге бөлінген, нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 89% құрады, Панфилов ауданында бұл көрсеткіш – 73 %.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...