Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Панфилов ауданында киім мен аяқ киім шығаратын кәсіпорын салына бастады

Танымал

Ел аузында

Алматы облысы Панфилов ауданында 4,6 млрд.теңгеге 19нысанды, оның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында 3 млрд. теңгеге 5 жобаны іске асыру көзделген. Мысалы, Жібек жолын дамыту жөніндегі халықаралық компания жылына 450 мың бірлік аяқ киім мен киім шығаратын кәсіпорын құрылысын бастады. «КАЗ-АКВА» кәсіпорны 300 тонна балық өнімдерін және «Арыстан и Ко» тәулігіне 25 тонна жүгері дәнін кептіретін өндірісті дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданы жүгері өндірісі бойынша – облыста бірінші орында, жүгері егістігі 26,7 мың гектарды немесе облыстағы егіс алаңының 28 пайызын құрап отыр. Жаркент крахмал-сірне зауыты тәулігіне 300 тоннаға дейін жүгері дәнін терең өңдейді, өнімнің 27 түрін шығарады. Бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл ретте облыс әкімі өз орынбасары Ж.Тұяқов пен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысына аудан әкімімен бірлесіп, зауыттың қуатын арттыру шараларын қабылдап, «Даму» қоры арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мәселесін шешуді тапсырды.

– Ауданның тағы бір әлеуеті – бағбандық. Мұндағы бақтар алаңы 2,5 мың гектарға жетті, оның ішінде соңғы 5 жылда 223 гектарға бақ отырғызылды. «Жаркент Фрукт» ірі бағбандық шаруашылығының 1004 гектар қарқынды бағы бар. Бірақ ауданда өңдеу кәсіпорындары жоқ. Сондықтан аудан әкімі өндірістер ашу үшін инвесторлар тартуы керек, – деді Қанат Бозымбаев.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...