Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Алматыда алғашқы Huawei қазақстандық монобрендті дүкені ашылды

Танымал

Ел аузында

Наурыз мейрамы қарсаңында Huawei бренді алғашқы Huawei Brand Shop қазақстандық дүкенінің салтанатты түрде таныстырылды. Монобрендтік интерактивті дүкені 2022 жылдың 12 наурызында Алматыда «Forum» сауда үйінде ашылды.

Қазіргі уақытта Huawei компаниясының Қазақстанда 400-ден астам сауда нүктелері (бүкіл әлем бойынша 60 000 сауда нүктесі) бар. Ал серіктестер арасында Технодом, Sulpak, Mechta сияқты ірі сауда орталықтары бар. Ашылған Brand Shop ерекшелігі басқа сауда нүтклерінде көрсетілмеген эксклюзивті үлгілер болады.

Huawei көптеген сегменттердегі гаджеттерді сату бойынша жетекші орынға ие. Қазақстандық ритейлерлердің айтуынша, компания фитнес білезіктерін оффлайн сату бойынша 1-ші орында, ал смарт сағаттарды сату бойынша елде 2-ші орында. Huawei смартфондарына келетін болсақ, қазақстандықтар 2021 жылы осы жоғары технологиялық құрылғылардың 60 мыңнан астамын сатып алған. Қазақстанда Huawei смартфондары ғана емес, сонымен қатар ноутбуктары да жоғары сұранысқа ие. Ал бренд үшін бұл қазір қарқынды дамып келе жатқан және перспективалы сегменттердің бірі. Биылғы жылдың екі айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ноутбуктер сатылымының өсімі 70%-дан асты.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фань Цзиньюн:

«Дүкенде біз технологиялық құрылғылардың кеңейтілген ассортиментін ұсындық. Ең әуелі 2021 жылдың соңына қарай, пайдаланушыларының саны 170 миллион адамға жеткен Harmony OS операциялық жүйесіндегі жоғары деңгейлі смартфондар, оған қоса, компьютерлер, планшеттер, аксессуарлар, фитнес білезіктері, балалар және смарт сағаттары, сондай-ақ, Huawei Vision секілді серіктес сауда нүктелерінде болмайтын трендті құрылғылар ұсынылады. Компания атынан Қазақстан халқын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын және Huawei Brand Shop дүкенінде асыға күтеміз!»

Еске салайық, Huawei жуырда қазақстандық нарықта nova 9 жоғары технологиялық смартфонын – «зумерлер» мен бейнеконтент жасаушыларға арналған орта диапазондағы құрылғыны шығарған болатын. Huawei nova 9 жаңалығы қазақстандықтарға 2022 жылдың 25 ақпанынан бастап 279 990 теңге бағасымен қолжетімді. Сондай-ақ жақсартылған 10-буындағы Intel Core i5 процессоры бар Huawei MateBook D ноутбуктерінің жаңартылған сериясы шығарылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...