Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Атом электр станциясын салуға ниеттіміз – энергетика министрі

Танымал

Ел аузында

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Атом электр станциясын (АЭС) салуға ниетті екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Атом электр станциясын салу бір-екі жылдың шаруасы емес. Ең кемі бір жыл салынатын орын белгілеуге, ол жерде судың бар-жоғын, адам ресурстарын, климатын жан-жақты зерттеуге кетеді. Қазір қашан салынатынын нақты айта алмаймын. Білетінім Қазақстан атом станциясын салуға дайын», – деді Ақшолақов ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін ҚР энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жасұлан Қасенов Қазақстан Атом электр станцияларын салу бойынша алты әлемдік ядролық технологиялар жеткізуші ұсыныстарын зерделеп жатқанын, салу барысында Америка, жапон, корей, қытай, орыс, француз технологиялары қарастырылатынын айтқан болатын. Ол сондай-ақ Қазақстанда Атом электр станциясын салуға кететін соманы шамамен атады.

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 2022 жылы Қазақстанда Атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданатынын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...