Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Ақтөбеде нан тапшылғы сезілуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Өңірдегі ірі наубайханалар ұн таппай отыр. Ресей бидай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салғалы, Орынбормен шекарада бидай толы 35 вагон қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Ақтөбе жұртын нанмен қамтып отырған ең ірі наубайхананың қорында небәрі жарты айға жететін шикізат қалыпты. Көрші елдегі шаруаларға ақшасын төлеп, «міне жеткізеді» деп отырғанда шекарадағылар жібермей қойған. Енді екі мың тонна бидайды қалай алдырамыз деп басы қатып отыр.

Ақтөбедегі наубайханалар бидайдың жетпіс пайызын елімізде шаруалардан сатып алады. Ал қалғанын көктемде көрші елден тасиды. Орынбордан жеткізуге қатынас та, ақшасы да қолайлы дейді кәсіпкерлер. Енді қорды екі апта ішінде толтырмаса, наубайхана жұмысын тоқтатып, Ақтөбе нансыз қалауы мүмкін. Ал кәсіпкерлер палатасындағылар мәселені үкімет деңгейінде шешпесе, жергілікті билік қауқарсыз екенін айтады.

“Біз бұл мәселені Ресей тарапымен, Орынбор  облысының бизнес-омбудсменімен де онлайн-режимде талқыладық. Бидайды елге өткізуге қатысты өтініш хатымызды да ресейліктерге жолдадық. Қазір енді ол жақтан жауап күтіп отырмыз”, – дейді «Атамекен» ҰКП Ақтөбе облысы филиалы директорының орынбасары Руслан Күйшінов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...